$ 481.84  531.33  5.07

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс сотқа жіберіледі

Енді біздің ісіміз әскери сотқа жіберіледі және соңғы шешімді солар шығарады.
Коллаж: Qaz365.kz
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды және танысу сатысына өтті, содан кейін ол сотқа жіберіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы заңгер Анна Чернова-Димитриевич Facebook парақшасында хабарлады. Айта кетейік, ол осы іс бойынша жәбірленуші ретінде өтіп жатыр.

Анна Чернова бүкіл Қазақстан халқына қолдауы үшін, ал журналистерге, әскери прокуратура қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери тергеушілер мен анықтаушыларға кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

"Шынымды айтсам, "Ескі Қазақстандағы" әдісті қолданғысы келгендер де болды, бірақ тергеудің әділдігінің арқасында бұл іс аяғына дейін жетті. Қайталап айтамын, енді біздің ісіміз әскери сотқа жіберіледі және соңғы шешімді солар шығарады. Онда ешқандай жағымсыз "тосынсыйлар" болмайды және бәрі қатаң түрде заң аясында өтеді деп үміттенемін", - деп бөлісті Анна Димитриевич.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғу бойынша қозғалған қылмыстық іс халық назарын аударған болатын. Оқиға 2023 жылғы 10-11 ақпанға қараған түні Алматыда болған. Заңгерлерді таяққа жыққан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, қатардағы жауынгер, 20 жасар Нұрасыл Болат болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары