$ 447.4  477.55  4.76

Барак Обама халқымен қоштасу рәсімінде жылап қалды (ВИДЕО)

АҚШ басшысы Барак Обама президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты Чикаго қаласында халықпен рәсімін өткізді. Ол өз қызметінен кетуіне еш өкінбейтінін, Ақ үйді көтеріңкі көңіл-күймен тастап бара жатқанын да мәлімдеді деп жазады CNN.

Президент өкілеттігі Дональд Трампқа өтетінін айтқан сәтте жиылған жұрт наразылықтарын білдірді. Алайда, Обама елді басқару жүйесінде соншалықты өзгерістің болмайтынын айтып, халықты тыныштандырды.

Обама сондай-ақ, Ресей мен Қытайды АҚШ-тың бәсекелесі екенін айтты. Алайда, Мәскеудің де, Бейжіңнің де әлемдегі ықпалы Вашингтонмен салыстыруға да келмейтінін жасырған жоқ.

Трибунада тұрып, әйелі Мишель Обамаға алғысын айтқан сәтте президент көз жасына ерік берді.

"Соңғы 25 жылда сен менің әйелім және балаларымның анасы ғана болып қойған жоқсың, сондай-ақ, ең жақын досым бола алдың. Мен сені мақтан тұтам. Сенімен бүкіл ел мақтанады", - деді Б.Обама.

Естеріңізге салайық, 20 қаңтардан бастап АҚШ-ты Дональд Трамп ресми түрде басқаратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары