31.03.2023, 19:20

Алматы полициясы алаяқтық тізбекке пайдаланылған SIM -Box құрылығысын тәркіледі

фото: zazdorovie.net
Кешенді жұмыстың нәтижесі өз алдымызда. Біз интернет-алаяқтықты тіркеуді 32,8%-ға қысқартуға қол жеткіздік.

Алматылық полицейлер "Мобайл Телеком сервис" компаниясының қауіпсіздік қызметкерлері мен бірлесе отырып телефон арқылы алаяқтық қылмыс жасаған күдіктілерді қолға түсірді. Жедел іздестіру барысында Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен мыңдаған телефон карталары мен құрылғылар табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, аталған пәтерді тінту барысында SIM-Box құрылығысының 12 данасы, Сим карта салуға арналған 432 слот, SIM-Bank анықталған. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпараттар жария етілмейді. 

"34-жасар күдікті СИМ карталарды тіркеп, Ресейдегі Хабарлама-хабына сатуға дайындаған. Аталған күдіктінің заңсыз әрекеті арнайы мамандардың көмегімен анықталды. Түрлі мобильді байланыс операторларының мың Сим картасы, телефон нөмірлері бар деректер қоры және әртүрлі техникалық құрылғылар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», -дейді, Алматы қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Елімізде соңғы уақыттарда интернет алаяқарына қатысты оқиғалар тым көбейіп кетті. Осыған байланысты Алматы полициясы алаяқтыққа жол бермеу үшін интернет-платформалардың әкімшілеріне биометрика мен қосарланған аутентификация тәсілін ұсынып отыр. Бұл идеяны Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров халық алдындағы дәстүрлі есеп беру кездесуінде айтты.

«Бұған пандемия кезінде барлығының үйден шықпай өмір сүру салтына ауысуы, ел бойынша шектеу шараларының күшіне енуі, азаматтардың үйде болуы әсер етті, осыған байланысты адамдар интернет-сауда, жеткізу және басқа да қаржылық қызметтерге «онлайн» режимінде жүгінуге мәжбүр болды. Осындай оқиғаларды ескере отырып, қаскөйлер де бейімделіп, алаяқтық жасаудың контактілі әдісінен контактісіз әдіске көшті. Жалпы алғанда, абсолютті сандар түрінде былай көрінеді, егер 5 жыл бұрын жалпы шығын 1,7 миллион теңге болса, қазір 3 миллиард теңгеге жетті», – деді, Арыстанғани Заппаров.

Ол сонымен қатар, полиция, жетекші интернет-ресурстардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізгенін айтты, онда ақпараттық және экономикалық қауіпсіздік критерийлерін өзгерту ұсынылды және биометрия – адам бейнесін тану, қосарлы аутентификация сияқты шараларды енгізу айтылды.

«Біз өз қызметімізде Интернеттегі заңсыз материалдарды анықтау және бұғаттау бойынша жұмысты жүйелендіру және оңтайландыруға арналған «Киберқадағалау» ақпараттық бағдарламасының мүмкіндіктерін де пайдаланамыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама заңсыз мазмұндық белгілері бар сайттарға сілтемелерді автоматты түрде бағыттауға мүмкіндік береді. Біз, бүкіл ел бойынша бұғатталған немесе қолжетімділігі шектеулі 1 мың 400-ден астам сілтемелер мен сайттарды анықтадық және бағыттадық. Кешенді жұмыстың нәтижесі өз алдымызда. Біз интернет-алаяқтықты тіркеуді 32,8%-ға қысқартуға қол жеткіздік» – деді, Алматы қаласының бас полицейі.

Киберқылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында Ішкі істер Министрлігінің бастамасымен өткен жылы ІІМ Алматы Академиясында «киберорталық» құрылып, оның қызметкерлері жаңа қауіпсіздік бағдарламаларын әзірлеуде және интернет ортасын зерттеп, желідегі заңсыз ресурстарға кіруді жылдам блоктау және алдын алу жолдарын үйренуде.

Тегтер: Алматы