4 сәуір күні Балқаш қаласында бас сорғы стансасының маңында магистральдық құбыр жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазір онда төтенше жағдай бригадасы жұмыс істеп жатыр.
"Магистральдық су құбырындағы бас сорғы стансасы аумағындағы жарылысты жөндеу мақсатында жұмыс аяқталмай тұрып ауыз су беру тоқтатылды", - деп хабарлады "Балқаш су" МКК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Қоңырат ықшамауданында, Балқаш станциясында суық су жоқ.
Бұған дейін "Астана су арнасы" МКҚК Астанада ауыз су берудегі үзілістердің себебін түсіндіріп, мәселенің қашан шешілетінін айтқан еді.