$ 443.44  480.51  4.88

Бес өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республиканың 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары