$ 494.87  520.65  4.91

Желіде Тұрлыхановтың ұлының әйелді ұрып талдырған видеосы тарады

Заңгер видеоның өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде болғанын атап айтты.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Желіде белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың төбелес кезінде түсірілген жаңа видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің жанындағы көлік тұрағында болған. Оның барысында қызды жақтауға тырысқан ерлі-зайыптылар Анна Дмитриевич пен Олег Чернов зардап шекті.

Жарияланған кадрларда жас жігіттің алдымен ер адамды ұрғаны, содан кейін Аннаның бетінен соққы жасағаны көрсетілген.

Анна Димитриевич видео әлеуметтік желілерде тараған соң Instagram-дағы парақшасында жариялағанын мәлімдеді. Ол видео өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде болғанын айтады.

"Видеоны тарату біздің бастамамыз емес екенін бірден айтайын. Кейбір пікір жазушылар біз депутаттың баласы тұрған жерге қалай тап болғанымызды сұрапты. Ол әскерде болған, ал біз өз жолымызбен басқа орында демалдық. Ал енді негізгі сұрақты мен қояйын. Нұрасылды Алматыға 200 шақырымдай жердегі әскери бөлімнен біз демалып жатқан жердің қасына кім алып келді, қалай жетті? Айтпақшы, көше камераларынан түсірілген видеоны зерттей отырып, жанжал біз келгенге дейін басталғанын көруге болады", - деп жазды Дмитриевич Instagram желісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары