05.04.2023, 17:40

«Бұл – этникалық кемсітушілік!»: Дина Таңсәрі шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу ұсынысына қарсы шықты

Фото: dinatansari инсаграм парақшасынан
Масқара, қызы грузинге тұрмысқа шыққан ана ретінде бұл ұсынысты айтқандарды сотқа беру керек деп есептеймін!

Дина Таңсәрі Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, президенттікке экс-кандидат Қарақат Әбденнің ұсынысына қарсы шығып, оны алып тастауға петиция жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғам белсендісі өзінің Facebook парақшасында депутаттың шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысына түбегейлі қарсы екенін айтты. 

“Масқара, қызы грузинге тұрмысқа шыққан ана ретінде бұл ұсынысты айтқандарды сотқа беру керек деп есептеймін! Бұл – этникалық кемсітушілік! Мына құрметсіз ханым, адам құқығы туралы бірдеңе біле ме екен? Мен петиция құрып, ел Конституциясын бұзғаны үшін оны Қазақстан Парламентінен шығаруды талап етемін”, – деді Дина Таңсәрі. 

Еске салсақ бұған дейін Қарақат Әбденнің елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтқанын хабарлаған едік.