05.04.2023, 20:30

Рахмоновтың ізімен: тағы бір қазақ баласы UFC-мен келісімшарт жасасты

Фото: ©Naiza FC
Асу Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Dar Team командасының PR-менеджері Зарина Буенбаева мәлімдеді.

29 жастағы Алмабаев ММА-де 16 мәрте жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. 2022 жылы BRAVE Combat Federation нұсқасы бойынша үздік файтер атанған. Жақын арада әлемнің ең үздік лигасында өнер көрсетеді.