Отандық актриса, әнші әрі блогер Анара Батырхан “Қыздар-ай” бағдарламасында қыздардың қалтасына қарайтын альфонс жігіттерге алданбауын өтінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Анара Батырхан сымбатты жігіттердің әдемі сөздері мен тәтті уәделеріне сеніп, алданып қалмас үшін қыз-келіншектермен қарапайым болса да, маңызды алқыл-кеңесімен бөлісті.
“Қыздар, жігіт үшін ешқашан өз атыңыздан несие алып, көлігіңізді, үйіңізді оның атына жаздырмаңыздар. “Жаным, мынаны бүйтейік, сенікін ала тұрайық” десе, ешқашан ол сөздеріне сенбеңіздер. Өмірде танысыммен болған оқиға есіме түсіп отыр. Бір жаттықтырушы жігіт екі баласы бар ажырасқан әйелдің атынан 2 миллион теңге несие алғызған. Несиені төлейтін уақыт жеткенде әлгі әйел жігіттен ақша сұрайды. Ол өзінде ақша жоғын айтып, біраз күте тұруын өтінген. Соңында әйелді лақтырып кетті. Ол әйел екі баласын өзі асырап отырған жан, асып-тасып жатқан ештеңесі жоқ еді”, – дейді Анара.