$ 486.44  534.31  5.06

Алматыда күтушіге қалдырып кеткен 2 жасар бала көз жұмды

Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, оны қарау үшін тергеу сотына жіберді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алматы облысында күтушіге қалдырған екі жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, биыл 25 наурызда Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне әйел адамнан арыз түскен. Ол екі жасар баласы 30 жастағы күтушіге қалдырғанда қайтыс болғанын айтып, оған шара қолдануды сұраған.

"Азаматша Ш. (бала күтуші) табыс табу мақсатында 5-6 ай бойы осы отбасында бала күтуші ретінде жұмыс істеген. Бұл факт ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша тіркелді. ​2023 жылғы 26 наурызда қылмыстық құқық бұзушылықты "кісі өлтіру" ҚК - нің 99-бабының 3-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

6 сәуірде Талғар ауданы прокуратурасы полиция басқармасының тергеушісі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат жолдады. Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, оны қарау үшін тергеу сотына жіберді.

Күтушінің бақылауында қайтыс болған баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі. сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары