$ 448.15  483.46  4.86

«10 миллион теңге»: Қызғалдақ жұлғандар айыппұл арқалайды

Бұл өсімдік біздің қасиетті даламыздың байлығы мен жеріміздің ерекшелігі.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтарды жұлған жағдайда заңмен жазаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен мен қорыққа шекаралас аймақтарда ерекше қорғалған «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары бар. Бұл қызғалдақтардың гүлденуі сәуір айының аяғында басталып, мамыр айының алғашқы он күндігіне дейін жалғасады. Қызғалдақты облыс тұрғындары мен қонақтары, туристер арнайы келіп көруге болады. Бірақ жұлуға қатаң түрде тыйым салынады.

Жойылып кету қауіпі бар қызғалдақ түрлерін жұлған жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабымен іс қозғалып, 3000 АЕК (10 350 000 тг) дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады. Сондықтан жұлмаңыздар. Керісінше оны брендке айналдыруымыз тиіс. Бұл өсімдік біздің қасиетті даламыздың байлығы мен жеріміздің ерекшелігі,-дейді Ақсу Жабағылы мемелекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Сматулла Джуманов.

Өсімдікті көргісі келетін азаматтарға арнайы гид қызметкерлері көмектеседі.

Айта кету керек, Түркістан облысында өсімдіктің 5000-ға жуық түрі бар. Соның ішінде Ақсу Жабағылы қорығында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1300 түрі болса, «Қызыл кітапқа» енген 48 түрі кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары