$ 439.43  473.31  4.82

Алматы қаласының әкімі аппарат басшысының орынбасары болып Мерей Абзалбеков тағайындалды

Абзалбеков Мерей Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін « тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Фото: Алматы қ. әкімдігінен
Фото: Алматы қ. әкімдігінен

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. бұйрығымен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Мерей Абзалбеков тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Абзалбеков Мерей Ягудаұлы 1982 жылы 25 маусымда туған. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін « тарих» мамандығы бойынша бітірген,  тарих магистрі.    

М. Абзалбеков мансабын А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші инженері ретінде бастап, Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімде офицерлік қызметте болды.    

Жастар саясаты саласында жұмыс істеді-Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қор директорының орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастар жобалары және шығармашылық бастамалары бөлімі басшысының м.а. лауазымдарын атқарды.    

Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымында Алматы қаласы әкімі аппаратының хаттама, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және ресімдеу бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары