$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алынды

Дәрігерлер 90 минут операция жасады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматыда хирургтар ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруанасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

"Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған", дейді Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары