07.04.2023, 18:00

Балқашта магистралды су құбырында тағы апат болды

Фото: Балхаш әкімдігінен
Қазір қалада 4 су тасығыш жұмыс жасап жатыр.

7 сәуір күні Балқаш қаласында су құбырында тағы апат болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қала әкімдігі кеше кешкі сағат 20:00-де қаладағы таза су қоймаларын толтыру жұмыстары басталғанын айтты.

"Магистралды құбырда су соққысы мен екпінін болдырмас үшін Тоқырау бас сорғы станциясынан қалалық СВР-ға көлемін біртіндеп арттыру арқылы су берілді. Сумен жабдықтау көлемінің кезекті артуы кезінде диаметрі 500 мм болатын қақпа клапаны кептеліп қалды. Бұл бізге үлкен параметрлерге жетуге мүмкіндік бермей жатыр", - деді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте қаладағы таза су қоймаларын кезең-кезеңімен толтыру, Тоқырау бас сорғы стансасының жүйесін босату, кептеліп қалған қақпа клапанын ауыстыру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды.

"Қазір қалада 4 су тасығыш жұмыс жасап жатыр. Біреуі Қоңырат шағын ауданында, біреуі Балқаш станциясында, екеуі қалада", - деді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік бұл жұмыстар бүгін аяқталатынына уәде берді.