$ 484.11  528.79  5.03

Бүгін Геннадий Головкиннің туған күні

Головкин бокс әлемінде жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген қарымды нокаутер ретінде танымал.
фото: Instagram/gggboxing
фото: Instagram/gggboxing

Бүгін, яғни 8 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қырық бір жасқа келген туған күнін атап өтеді.

Геннадий Головкин – The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, WBA және WBC, IBO орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Головкин бокс әлемінде жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген қарымды нокаутер ретінде танымал.

Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2006 жылы 72 келіге дейінгі орта салмақ дәрежесінде өткізді. Осы уақытқа дейін ол 45 рет жекпе-жек өткізіп, оның 37-сін нокаутпен, бір рет тең және екі рет жеңіліспен аяқтады. GGG-нің жеңілісіне мексикалық Сауль Альварес себеп болды.

Геннадий жұбайы Алина екеуі үш бала тәрбиелеп отыр: олардың бір қызы мен екі ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары