Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны анасын пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол салмақ болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Деректерге сәйкес 4 сәуіде таңертең жедел жәрдем станциясына Павлодар облысы Тереңкөл ауылынан қоңырау түскен. Оқиға орнына барған дәрігерлер 1961 жылғы әйелдің мәйітін тауыпты. Марқұмның денесінде пышақ іздері болған. Дәрігерлер ауыл тұрғынының биологиялық өлімін тіркеді.
Сондай-ақ үйде 1987 жылы туған ер адам сол жақ білегін жаралап, суицид жасамақ болған. Ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, оған операция жасалды.
Ер адам дәрігерлерге анасын пышақтап, сосын өз өмірін қиғысы келгенін айтқан. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.