$ 498.34  519.72  4.85

«Өскеменде оқушыны шешіндіріп, соққыға жыққан»: шенеуніктің екі қызынан бүкіл мектеп қорқып отыр

Анасы мен әкесіне қатысты қызметтік жағдайды пайдалану, мектеп директорларын қорқыту тұрғысынан тексеру жүргізу керек.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Құқыққорғаушы Дина Тансари Өскеменде соққыға жығылған жасөспірім жайлы тың деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен аптада әлеуметтік желілерде жасөспірім қызды құрдастары шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан сәті таспаланған видео тарады. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алайда, оқиғаның "қаһармандары" оқитын мектептегі басқа балалардың ата-аналары бұзақылардың жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы.

Дина Таңсәрінің айтуынша, бұл алғашқы оқиға емес, зардап шеккен қызға бірнеше мәрте шабуыл жасалған.

"Мұны көптеген фотосуреттер мен бейнежазбалар растайды, қызды түрлі спорттық техникаларды қолданып ұрып-соққан, тыр жалаңаш шешіндіріп суретке, видеоға түсірген де желіге жариялап жіберген", - деп жазды Таңсәрі.

Оның айтуынша, қаланың білім бөліміндегілер құрдасын ұрып-соққан қыздың өнегелі отбасынан шыққанын мәлімдеген. Олардың сөзінше, оқушыны мектептен шығару жоспарланып отырған жоқ,  9-сыныпта оқитын қызға оған оқу орнын бітіруге мүмкіндік берілмек.

"Бұл жағдайға бейжай қарамайтын азаматтар бізге біраз мәлімет берді. Біріншіден, бұл Өскемендегі №44 мектепте оқитын барлық балаларға қатысты, сондықтан қорыққан ата-аналар бізге хат жазып, көмек сұрап жатыр! Екіншіден, Өскемен қаласының білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова бұл отбасының өнегелігін қалай өлшеп отыр? Шамасы, анасы мектеп директорларының аттестациясын қабылдайтынымен және бөлімнің лауазымды қызметкері болуымен өлшесе керек. Ал әкесі жергілікті Антикор басшыларының бірі екен, барлық жазбалардың астындағы пікірлерде солай жазып жатыр. Бірақ бүкіл ел олардың өнегесіз балаларын көрді! Осы “өнегелі” отбасының бір емес, екі қызы қатарластарын ұрып-соққан, алайда тек біреуі ғана тергеліп жатыр. Олардан таяқ жеген басқа да жасөспірімдер бар, олар біздің қордың көмегіне жүгінді”, – дейді құқыққорғаушы.

Ол апалы-сіңлілердің анасы мен әкесін, сондай-ақ қаланың білім бөлімінің бастығы мен мектеп директорын қызметінен шеттетуді талап етті.

"Анасы мен әкесіне қатысты қызметтік жағдайды пайдалану, мектеп директорларын қорқыту тұрғысынан тексеру жүргізу керек. Біз екі қызды да девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған жабық арнайы интернатқа ауыстыруды және үкімнен кейін сот шешіміне сәйкес мекемеге жіберуді талап етеміз. Қазір олардың мектепте болуына байланысты басқа балалар оқудан қорқады, заң бойынша жауап берсін!" деп жазды Дина Таңсәрі.

Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауға алуды және Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жағдайды өзгертуге барлық күш-жігерін жұмсауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары