$ 441.66  475.14  4.86

Батыс Қазақстанда есірткіге елтіген жүргізуші қағып кеткен ер адам көз жұмды

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: Telegram/POLISIA.KZ
Фото: Telegram/POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан облысында есірткіге елтіген жүргізуші қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 сәуір күні шамамен сағат 23.18-де Атырау-Орал автожолы бойында қалаға қарасты Круглоозерный кенті маңында болды.

«Hyundai Sonata» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы кезінде «Hyundai Sonata» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі каннабиоидтарды (марихуана) қолданудың әсерінен мас күйде болған. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі оқиғаны растап, ер адамның оқиға орнында қайтыс болғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары