$ 490.84  536.88  5.04

Жаңаөзен жұмысшылары Астанада «Өзенмұнайгаз» штатына жұмысқа орналастыруды талап етті

ҚМГ-де елордаға келген жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін арнайы байланыс тобы құрылды.
Фото: ҚазМұнайГаз
Фото: ҚазМұнайГаз

Жаңаөзеннен келген 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, ҚР Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Жиналғандар осыған дейін ҚМГ-нің еншілес компаниясы "Өзенмұнайгаз" АҚ үшін мұнай сервис қызметтерін көрсетуге арналған тендерде ұтылған "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері. Биыл 1 сәуірде оларға орташа есеппен 700 мың теңге еңбекақысын сақтай отырып, басқа компанияға жұмысқа орналасу ұсынылды. Алайда, "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері тендер нәтижелерін жоюды талап етіп, бұл ұсыныстан бас тартты. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" қоры осыған дейін келіп түскен шағымдар бойынша конкурс рәсімдерінде заң ережелерінің сақталуына қатысты тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде заң бұзушылық анықталмады. Астанаға келгендердің басым бөлігі ҚазМұнайГаз ғимаратының алдында өткен былтырғы пикеттерге де қатысқанын айта кеткен жөн. Ол жолы олар маңғыстаулық басқа мекеме – "Кезби" компаниясының жұмыс көлемін белгіленген рәсімдердерге қарамастан қайтаруды талап еткен. Қазіргі уақытта ереуілге шыққандардың қалауы өзгеріп, "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналасуды үзілді-кесілді талап етіп отыр. Алайда, бұл Жаңаөзендегі жұмыссыздарды кезек бойынша аталған мекемеге жұмысқа орналастыру тәртібіне қайшы келеді. Бұл ережелердің моноқала тұрғындарының талабына сай, жұмыс орындарын әділ бөлу үшін қабылданғанын айта кету керек. Осылайша, елордаға келгендердің талаптарын қабылданған құқықтық рәсімдерге қайшы болуына байланысты орындау мүмкін емес.
ҚМГ-де елордаға келген жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін арнайы байланыс тобы құрылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары