$ 447.4  477.55  4.76

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар.
Фото: Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады. 

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:

«Алдымызда жаз, демалыс кезеңі басталады. Біз жетекші туроператорлармен бірлесіп, тур таңдап, сатып алуға арналған жаңа cервисті қостық. Енді Kaspi.kz-пен ұшаққа билет пен т/ж билетін сатып алғандай, смартфоныңыздың экранынан турды да жеңіл әрі оңай сатып ала аласыз. Сүйікті клиенттерімізге жақсы әсерлерге толы саяхаттар тілейміз!»

Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар. Әр турдың сипаттамасында суреттер, рейтинг, қонақтардың пікірлері мен дұрыс шешім қабылдауға қажетті басқа да көптеген маңызды ақпараттар бар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Kaspi.kz