$ 483.23  534.74  5.12

Қарағандыда ауыр жарақат алған 14 жастағы спортшы көз жұмды

10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды.
Фото: «Патриот»/Telegram
Фото: «Патриот»/Telegram

Қарағанды ​​облысында ауыр жарақат алған 14 жастағы спортшы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас спортшының көз жұмғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов хабарлады.

"10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды. Арина каратэ-киокушинкай-канмен айналысып, спорттың осы түрінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болған. Отбасына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды аудан әкімі.

Қыздың өлімі туралы ақпаратқа Қарағанды ​​облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қыздың суретімен бөлісіп, оның ауыр жарақаттан кейін қайтыс болғанын айтты.

"Жарыс пен жаттығудан тыс орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан жас спортшы Арина Соннова қаза тапты. Бойжеткен 10 сәуірде ауруханада көз жұмды. Бұл дарынды спортшының болашағы зор еді. Дене шынықтыру бөлімі және Қарағанды ​​облысының спорт басқармасы, Осакаровка ауылының жасөспірімдер спорт мектебі, спорт қауымдастығы Арина Соннованың ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – деп атап өтті департамент.

Арина Соннова каратэмен алты жасынан бастап Осакаровкадағы спорт мектебінде айналысқан. Бойжеткен жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, облыстық, республикалық, халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған. Арина Қазақстан чемпионаты мен кубогының, Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары