12.04.2023, 07:30

Шаңды дауыл соғып, үсік жүреді: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay.com
Найзағай ойнап, бұршақ жауады.

"Қазгидромет" мамандары 12 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын айтып, ескерту жасады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. 

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. 

Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 12-13 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.