Бір жасар қыз шелектегі суға батып кете жаздады, дәрігерлер баланы әрең құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, 2022 жылы туған нәресте шелектегі суға түсіп кеткен. Оқиға 10 сәуірде Павлодар облысы аудандарының бірінде болған. Дәрігерлер болған оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламады.
"2022 жылы туған қызды 10 сәуірде облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиация жеткізді", – деді ауруханадан.
Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалады.