$ 498.34  519.72  4.85

Блогерлер әскерге жіберілуі мүмкін

Қазақстандықтардың әскерге деген көзқарасын түзету үшін ол жерге блогерлер жіберуді ұсынды.
Фото; optimism.kz
Фото; optimism.kz

Мәжіліс депутаты Константин Авершин Қазақстан қарулы күштерінің қоғамдағы беделін сынға алды. Қазақстандықтардың әскерге деген көзқарасын түзету үшін ол жерге блогерлер жіберуді ұсынды.

Оның айтуынша, әскердегі жағдай туралы ақпарат ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі, өйткені бұл жерде әскерге шақырылғандардың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселелер туындайды. Ол блогерлерді әскерге жіберіп, қазақстандықтарға әскери қызметтің шынайы қырларын көрсету керек деп есептейді. 

«Қоғам блогерлерден Қарулы күштер туралы тікелей ақпарат алады. Сонымен қатар, бұл шара әскерге баруға ниет білдірушілерге, нағыз патриоттарға іс жүзінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосуына мүмкіндік береді. Осылайша, әскери қызметтің нағыз қиындығы мен ауыртпалығын сезінеді. Менің ойымша, бұл олардың дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертеді», - деді Авершин. 

Депутат мұндай шара әскери қызмет туралы ақпарат тарататындардың жауапкершілігін арттыратынын атап өтті. Ал, әскери қызметтен өтпеген, қолына автомат ұстамаған азаматтардың ең болмағанда, бастапқы әскери даярлықтан өтуіне мүмкіндік беретін еді деп есептейді.

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары