13.04.2023, 10:00

Асқар Маминнің қайда жүргені белгілі болды

Фото: Pro Hokei Ligasy
Саясаткер қаңтар оқиғасынан кейін көрінбей кеткен.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте хоккейшілерді марапаттау салтанатында төбе көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ташкентте 2022/23 жылғы Қазақстан чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Каратаев және Өзбекстан хоккей федерациясының бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.

Қаңтардағы оқиғалардан кейін премьер-министр Мамин бастаған үкімет отставкаға кетті. Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы сирек көзге түсті – соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде желіде Маминнің Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен түскен суреті тараған.

Экс-премьер фотоның Астанада түсірілгенін айтып, Нығматулинмен және Жақсыбековпен кездескенін растады.

"Шынында да, Астана мейрамханаларының бірінде түскі уақытта менің жақын туыстарым ұйымдастырған қазақ дәстүріне сай іс-шара (сырға салу) өткізілді", - деді Мамин.