$ 494.87  520.65  4.91

Қанат Ислам алдағы айқасына дайындықты бастады

Біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттанады, сол жақта бапкері Роджер Ромромен дайындығын жалғастырады.
Фото: ©instagram.com/islamkanatqazaq/
Фото: ©instagram.com/islamkanatqazaq/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады деп жазды turkystan.kz.

Қазіргі таңда боксшы Қазақстанда жүр және бірінші жаттығу лагерін бастамақ. Ал біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттанады, сол жақта бапкері Роджер Ромромен дайындығын жалғастырады. 

Әзірге келесі жекпе-жектің өтетін орны мен өзге ақпарат белгісіз.

Айта кетейік, Қанат Ислам рингке 2022 жылдың 7 қазанында Плант-Ситидегі бокс кешінде шығып, төрешілер шешімімен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары