$ 481.84  531.33  5.07

Қарағанды облысында бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

Жоба сәуірдің 27-не дейін ашық талқылауда болады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қарағанды облысында бірнеше ауыл атауы қазақшаланады. Құжат қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірдегі бірқатар ауылдың атауын қазақшалау құжаты “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Жоба сәуірдің 27-не дейін ашық талқылауда болады. Бұйрыққа сәйкес облыстың екі ауданындағы ауылдық округ пен ауылдарға мынадай атау берілмек:

Бұқар Жырау ауданы ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы – Атамекен ауылы болып қайта аталады.
Осакаров ауданы бойынша келесі ауылдық округтері мен ауылдары:
Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;
Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;
Звездный ауылдық округіндегі  Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;
Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;
Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;
Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;
Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына өзгереді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары