$ 484.11  528.79  5.03

Алматы облысында жасөспірімді өлгенше сабаған күдікті ұсталды

Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Жасөспірімнің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мәйіті 11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған.

Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді», - деп жазды ІІМ-нен.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды.

ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары