14.04.2023, 09:40

Түркістан облысының тұрғыны сүйіктісін өртеп жібермек болған

Фото: pixabay
Ер адам бөтелкеге құйылған жанармайды әйелдің басына құйған.

Түркістан облысында 42 жастағы ер адам сүйіктісіне қастандық жасаған. Ауыл тұрғыны әйел басқа адамға көңіл деп ойлап, кек қайтармақ болыпты деп хабарлайды Astana арнасы. 

Ер адам бөтелкеге құйылған жанармайды әйелдің басына құйған. Әйел көзіне бензин түсіп кетпеуі үшін енкейген сәтте ол сіріңкемен от қойыпты.

Әйел тірі қалған. Алайда денесінің 10%-ын – басы, мойны, кеудесін күйік шалған. Сот-медициналық сараптамасы қорытындысы бойынша мұны денсаулыққа орташа зиян келтіру деп бағалаған. 

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 100 сағат түзету жұмыстары бар.