14.04.2023, 12:20

Талдықорғанда 3 жасар баланы өлтіріп алған қызға сот шешімі шықты

Фото: pixabay
2022 жылғы қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмған болатын.

 Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып өлтірген 24 жастағы тұрғын 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кінәні жеңілдететін мән-жағдайларды, яғни сотталушының бұрын сотты болмағандығын, шын жүректен өкінуін, жәбірленушінің оны кешіруін және кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға бас жарақаты диагнозын қойған.