$ 447.4  477.55  4.76

Еркін күрестен Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбек ел қоржынына төртінші алтынды салды

Алғашқыда қарсыласы бір ұпаймен алда тұрған еді. Одан кейін Азамат қатарынан 4 ұпай еншіледі.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қазақстандық Азамат Дәулетбеков (86 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласында өтіп жатқан құрлықтық дода финалында қазақстандық балуан ирандық Ади Реза Каримимен кездесті.

Алғашқыда қарсыласы бір ұпаймен алда тұрған еді. Одан кейін Азамат қатарынан 4 ұпай еншіледі.

Нәтижесінде ол қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық балуан финалға дейін сингапурлық Вэн Луенді, өзбекстандық Бобур Исломовты жеңді.

Осылайша ол төртінші алтын медальды ел қоржынына салды.

Айта кетейік, Азамат - былтырғы Моңғолиядағы сары құрлық чемпионатының жеңімпазы. Ол биыл еліміздегі маңызды бәсеке - жазғы Спартакиадада қарсылас шақ келтірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары