$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда өткен түнде 2 рет жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары