$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 16.04.2023 сағат 18:30

Головкиннің рингке оралатын күні белгілі болды

Жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін босату туралы шешім қабылдады.
Головкиннің рингке оралатын күні белгілі болды
Фото: Joe Camporeale / USA TODAY Sports / Reuters

Fighthubtv американдық Youtube-арнасының авторы Маркос Вильегас Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлерден 41 жастағы қазақстандық боксшының болашағы туралы сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше түнде Леффлермен GGG бокстан «белгісіз» үзіліс алғаны туралы сөйлестік. Ол Эрик Моралестің мұны қайдан естігенін білмейтінін айтты. Маған GGG жазда қайта оралуы мүмкін деп ойлайтынын жеткізді», - деп жазды Вильегас Твиттерде.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта қазақстандыққа тек IBO атағы тиесілі.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар