Ауа райының нашарлауына байланысты ертең елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары үйден оқиды. Бұл қалалық Білім басқармасы хабарлады.
«17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде.