$ 486.44  534.31  5.06

15 өңірде ескерту жарияланды

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын күтіледі.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 17 сәуірде күн райы нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр болады. Таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болжанады. Желдің күші кей уақытта 24-29 м/с жетеді.

Алматы қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстік пен шығыста 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақыттарда 23-28 м/с артады.

Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр, жылбысқы қар түрінде қатты жауын күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары