Отандық әнші Жазира Байырбекова көпшілікке абысындары мен келіндерін көрсетті. Қайын жұртында жүрген өнер иесі отбасылық суретін Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Абысындар бірін-бірі көре алмайды" дегенді жиі естимін. Бірақ, мен абысын-келіндерімнен ондайды байқаған емеспін. Ешқайсысы бетіме қатты сөйлеп, көңілімді қалдырған емес. Біз жақта қайын ағаның келіншегін - абысын, қайын інінің келіншегін - келін деп атайды", - деп жазды әнші.
"Үлгілі отбасы", "Мына өмірде татулыққа не жетсін", "Бақытты болыңыздар", "Абысын үлгі көрсетсе, келін жаман болмайды", "Абысын тату болса - ас көп" деген осы", - деп жазды желідегілер.