$ 487.37  532.94  5.09

Ақтөбеге қонған ұшақ ішінде жас жігіт қайтыс болды

Марқұм – Уфа қаласының тұрғыны.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласынан Ақтөбеге ұшып келген рейсте жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.

Жолаушылар ұшағы Ақтөбеге 15 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында қонған.

Әуежай басшысы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ қонғаннан кейін жас жігіт ата-анасына киім ауыстырып келемін деп, кетіп қалған. Артынан қайтыс болған жерінде табылды. Марқұм – Уфа қаласының тұрғыны.

Оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер 12 минуттың ішінде келді. Олардың айтуынша, ұшақ бортындағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Осылайша кенеттен көз жұмған жас жігіт өлімнің себебі әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары