Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 18 сәуірде шығыста - қалың қар, 18-19 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
"18-20 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде аяз болып, тәуліктік температура біртіндеп көтеріледі", - делінген хабарламада.
Барлық облыста жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ болып, қар жауады.