$ 498.34  519.72  4.85

Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты түсінік берді

Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған», - деді М. Қазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе, қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады.

«Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады», - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары