18.04.2023, 17:00

Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Коллаж: Azattyq Ruhy
Көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.

Маңғыстау облысында газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы.

«Ақтауға санавиациямен тасымалданған 51 жастағы ер адамның денесінің 70%-ы күйіп қалған. Тағы екі адам Жаңаөзен ауруханасының реанимациясында. 23 жастағы әйелде 30% дене күйігі және омыртқа сынуы бар. Оған ота жасалды», -делінген хабарламада

Сондай-ақ, үйінділердің астынан тартылған 46 жастағы ер адамға ота жасалды. Дәрігерлер екі аяғын да құтқара алды. Сонымен қатар, травматология бөлімінде күйік алған тағы үш адам емделіп жатыр: 9 және 15 жастағы қыздар, сондай-ақ 58 жастағы ер адам. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды.