18.04.2023, 18:00

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Фото: Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы
Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды.

Түркістан облысының Бәйдібек ауданының тұрғыны дүниеге үш ұл бала алып келді. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан деген ат қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр болған нәрестелер мерзімінен бұрын туылған.

Үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетті. Қазір балалардың жағдайы тұрақты.

Бұған дейін екі баласы болған отбасы осылайша көпбалалы отбасыға айналды.