$ 486.44  534.31  5.06

Ыстық су төгілген: ұшақта үш жасар қыз күйіп қалды

Экипаж командирі жағдайды көре тұрып, ұшуын жалғастырып, тек Мысырға жеткенде барып қана үш жасар қызға көмек көрсетілген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ұшақ ішінде стюардесса жіберген қателіктен үш жасар кішкентай қызды күйік шалған.

Red Wings әуекомпаниясының стюардессасы үш жасар жолаушы қыздың үстіне қайнап тұрған су құйып алған. Алайда ұшақ оқыс жағдайды көре тұра, қонуға шешім қабылдамаған.

Оқиға Мәскеу-Хургада рейсінде болған. Кішкентай қыздың аяғын І-ІІ деңгейдегі күйік шалған. Ұшақ ішінде мұндай күйікке алғашқы көмек көрсету де мүмкін болмаған. Экипаж командирі жағдайды көре тұрып, ұшуын жалғастырып, тек Мысырға жеткенде барып қана үш жасар қызға көмек көрсетілген.

Дәл қазір бұл іс бойынша прокуратура мен елшілік қызметкерлері іске кірісті. Баланың анасы айтқандай, әуекомпания тіпті кешірім де сұрмаған.

 turkystan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары