Ақтөбе облысында 17 ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр. Апатты кеше кешке дейін жоямыз деп сендірген шенеуніктер, жұмыс көлемінің тым көп екенін мойындап үлгермей жатқандарын айтқан, - деп хабарлайды ktk.kz.
Телеарна мәліметінше, демалыс күндері өңірде боран соғып, термометрлер минус 10 градусқа дейін төмендеген. Осының салдарынан электр сымдары мұздап, тіректер құлаған.
Әкімдік облыстағы желілердің 74 пайызының тозығы жеткенін айтады. Ауа райы 40 елді мекенді электр қуатынсыз қалдырылған, дәл қазір 17 ауылда әлі де қосылмай тұр.
"Хромтауда бүгін жарық қосылуы мүмкін. Жұмыс көлемі өте үлкен. Бригада физикалық тұрғыдан үлгермей жатыр. Мектептерде, ауруханаларда, барлық әлеуметтік нысандарда генераторлар бар", - дейді Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрберген Бекеев.