Павлодар облысындағы "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі табылды, деп хабарлайды polisia.kz.
Бүгін, 19 сәуірде Екібастұздың 34 жастағы тұрғынының денесі қардан табылды, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
"Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылғы 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күткен. Ер адам әйелі оралмаған соң полицияға жүгінеді.
Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз полиция басқармасының жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар.