$ 498.55  524.28  4.75

Түркістан облысында оқушы қызды пышақтап өлтіру қылмысына қатысты тағы бір күдікті анықталды

Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9-сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.

Күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.

Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары