20.04.2023, 22:30

Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды

Instagram Бибісара Асаубаева
19 жастағы Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған.

Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мені құттықтасаңыздар болады. Алдарыңызда шахматтан еліміздегі жалғыз Еңбек сіңірген спорт шебері», – деп жазды ол. 19 жастағы Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған. Сондай-ақ 2021, 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанды. Ал рапидтен 2021 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.