21.04.2023, 07:30

11 өңірде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады

Фото: pixabay.com
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты республиканың 11 өңірінде ескерту жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады. 

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22 м/с.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні - 23 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні - 23 м/с. 21-22 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік болады.