21.04.2023, 15:20

Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Фото: pixabay
Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды.

Ақтөбе қаласында үй өртеніп, 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

"Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы - 40 шаршы метр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.