Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, олар жергілікті кәсіпкерден 15 мың юань беруді талап еткен. Операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары қатысты.
"Топ үш ер адамнан құралған. Біреуі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі Алматы облысының, үшіншісі Жетісу өңірінің тұрғыны. Олар жәбірленушіден ақша аударып жатқан кезде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша тәркіленді", - деді облыстық полиция департаменті ПБББ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 194-бабына сәйкес жүргізіледі. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.