$ 498.34  519.72  4.85

Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін.
фото: gov.kz
фото: gov.kz

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомстваның ақпаратында «Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпостар орнатылды»,- делінген.

Қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізіліп, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсірілген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары